Қоғам

Қызылордада  жантүршіктірерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қызылорда облысында автобустың соқтығысуы салдарынан бес адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды, деп хабарлады ҚР ІІМ ресми сайты. Бұл туралы Bugin.kz хабарлайды. 

«Жол апаты салдарынан бес адам қаза тапты, төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

3 қазан күні Қызылорда облысы Қармақшы ауданында Самара-Шымкент тас жолының 1573/693 шақырымында автобус пен жеңіл автокөлік қатысуымен жол апаты болды.

 

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Автокөлікті басқаратын адамның жол жүрісі ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп қосты полиция.